Өңірлік
энергетикалық форум

Орталық Азия энергетикасы – Қытай

16-17 маусым, 2025
Астана, Қазақстан,
Hilton Astana

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Сізді 2025 жылғы 16-17 маусымда Астана қаласында, Hilton Astana алаңында өтетін Power Central Asia – China 2025 I Өңірлік энергетикалық форумына қатысуға құрметпен шақырады.

Форум «Орталық Азия — Қытай» саммитінің ресми бағдарламасы аясында өткізіліп, мына тараптардың арасындағы стратегиялық диалогтың негізгі тұғырнамасына айналады:

  • өңір елдерінің үкіметтері,
  • халықаралық ұйымдар,
  • жетекші корпорациялар,
  • ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері.

Форумның басты назарында — Орталық Азияның тұрақты энергетикалық болашағының негізі ретінде әділ энергетикалық ауысу, индустрияландыру, инвестициялық ынтымақтастық және адами капиталды дамыту.

Форумға қатысуға мынадай ұйымдарды шақырамыз:

  • мемлекеттік органдар мен
    дипломатиялық миссиялардың өкілдері,
  • халықаралық қаржы
    институттары,
  • отын-энергетика секторының
    компаниялары,
  • зерттеу және
    білім беру ұйымдары.

Сізді Power Central Asia – China 2025 форумының қатысушылары арасында көруге қуанышты боламыз!

Құрметті әріптестер!

“Power Central Asia – China” форумы үкіметтер, халықаралық ұйымдар, бизнес қауымдастығы мен сарапшылар арасында ашық диалог жүргізудің маңызды алаңына айналуы тиіс. Форум аясында саланың кәсібиленуі, әділетті энергетикалық көшу, индустрияландыру және өңірде орнықты инвестициялық әріптестікті қалыптастыру мәселелері басты назарда болады.

Біз Орталық Азияның болашағын технологиялық жаңғыру тұрғысынан қарастырамыз. Бұл – салалық құзыреттер орталықтарын дамыту мен энергетика саласын кәсібилендіруге негізделген, өңірдің орнықты дамуы мен энергетикалық қауіпсіздігіне апарар стратегиялық жол.

Форум талқылауларының басым бағыттары

1

Инвестициялар және жасыл экономика

Жасыл облигациялар, халықаралық даму банктері, инвестициялық және климаттық қорлар.

2

Адами капиталды дамыту

Салалық құзыреттілік орталықтары, саланы кәсібилендіру, ғылыми-зерттеу (R&D) орталықтары, жастар бағдарламалары және академиялық ынтымақтастық.

3

Су-энергетикалық қауіпсіздік

Өңірлік альянстар құру, энергия жүйелерінің тұрақтылығын арттыру, тұрақты ток желілерін және гидроаккумуляторлық электр станцияларын (ГАЭС) дамыту.

4

Декарбонизация және әділ энергетикалық ауысу

Әлеуметтік тұрақтылық, ESG қағидаттары, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК), жасыл сутекті өндіру және қолдану.

5

Цифрлық трансформация және инновациялар

Интеллектуалды энергия желілері, роботтандыру, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және цифрлық егіз (Digital Twin) технологиялары.

6

Стратегия, саясат және реттеуші

Ұлттық энергетикалық бағдарламаларды трансформациялау, өңірлік энергетикалық дипломатия және нормативтік өзара іс-қимыл механизмдерін дамыту.

7

Өңірлік ынтымақтастық және нарықтардың интеграциясы

Бірыңғай энергетикалық кеңістікті қалыптастыру, энергетикалық инфрақұрылымды және мемлекетаралық интеграция тетіктерін дамыту.

8

Индустрияландыру және өндірісті жергіліктендіру

Озық технологиялардың трансфері және бейімдеу, жергілікті өндірісті мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары.

9

Мұнай-газ химиясы және төмен көміртекті қайта өңдеу

Мұнай-газ секторында төмен көміртекті технологияларды қолдану, климаттық сын-қатерлер жағдайында мұнай-газ химиясының болашағы.

ФОРУМНЫҢ МАҚСАТЫ

Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай Халық Республикасы арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау үшін өңірлік платформа құру, стратегиялық әріптестікті дамыту, әділ энергетикалық ауысуға, цифрландыруға және тұрақты өнеркәсіпке технологиялар мен инвестицияларды ілгерілету.

ФОРУМНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

23

панельдік сессиялар

10

дөңгелек үстел

45

кездесу B2B, G2B, G2G

Өңірлік көрме

Келісімдерге қол қою рәсімі

Гала-кешкі ас және мәдени бағдарлама

негізгі тақырыптар:

ЖЭК және энергия жүйелері:

Таза энергия интеграциясы, цифрлық жоспарлау,
жүктеме және инфрақұрылымды басқару

HVDC және энергия беру:

Жоғары вольтты желілер мен трансшекаралық
қосылыстар саласындағы инновациялар

ГАЭС және энергия жинақтағыштар:

ЖЭК теңгерімдеу жобалары, гибридті
технологиялар және Қытай тәжірибесі

Цифрландыру және Smart Grid:

Цифрлық қосалқы станциялар, IoT, Big Data,
киберқауіпсіздік

Индустрияландыру және жергіліктендіру:

Қазақстан индустриялық хаб ретінде, мемлекеттік қолдау шаралары,
венчурлік және қордан қаржыландыру

Декарбонизация және ESG:

Көміртекті бейтараптық, ESG стандарттары,
жасыл құрылыс

Инвестициялар және қаржыландыру модельдері:

PPP, IPP, BOT, EPC+F, ХҚИ және
жеке инвесторлардың қатысуы

Сутегі және жаңа технологиялар:

Төмен көміртекті технологиялар, H₂,
CCUS, көмір химиясы

Ғылым, кадрлар және технологияларды беру:

Құзыреттілік орталықтары, академиялық
ынтымақтастық, R&D

ҚАҚ – қиын өндірілетін қорлар:

Мұнай-газ секторында инновациялық
әдіснамаларды қолдану

Бағдарлама

Өтетін күндері:

2025 жылғы 16-17 маусым

Өтетін орны:

Астана қаласы,
Hilton Astana қонақ үйі

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Серіктестер:

China Southern Power Grid, PowerChina

Жұмыс тілдері:

орыс, қытай, ағылшын

1-КҮН

Дүйсенбі, 2025 жылғы 16 маусым Hilton Astana қонақ үйі

08:30 – 09:30

Тіркеу

09:30 – 10:00

Қонақтарды қарсы алу және кофе-брейк

10:00 – 11:00

Пленарлық сессия және Форумның ресми ашылуы — Grand Ballroom залында

Пленарлық отырыстың модераторы:
Жандос Нұрмағанбетов -KAZENERGY қауымдастығының бас директоры.

Power Central Asia + China форумы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қытай мен Қазақстанның ірі энергетикалық компаниялары басшыларының қатысуымен өтетін пленарлық сессиямен салтанатты түрде ашылады. Спикерлер энергетика саласының дамуына, өңірлік ынтымақтастыққа, декарбонизация мен индустрияландыруға қатысты стратегиялық көзқарастарын ұсынады.

Пленарлық сессияның спикерлері:

Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов
– ҚР Энергетика министрі

Чжан Хэн
– China Southern Power Grid International Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы

Санжар Серікбайұлы Жаркешов
– «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

Дин Ян Чжан
– Power China компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы

Нәби Еркінұлы Айтжанов
– «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы

Lyu Zexiang
– China Energy International Group Co., Ltd басқарма төрағасы

11:00 – 11:10

ҚР Энергетика министрінің қатысуымен коммерциялық құжаттарға қол қою салтанаты – Grand Ballroom залында

11:20 – 12:20

Grand Ballroom залы

Панельдік сессия тақырыбы:
Энергия көшуі іс жүзінде: Қазақстан энергетикасының трансформациясы
(Қазақстан энергетикасын декарбонизациялау бойынша ұлттық стратегиядан бастап, ЖЭК және технологиялық жаңалықтарға дейінгі нақты қадамдар қарастырылады)

Зал Astana Hall

Панельдік сессия тақырыбы:
Орталық Азияның энергетикалық тұрақтылығына инвестиция
(ҚР мен Орталық Азиядағы тұрақты инфрақұрылым мен энергетика дамуын қаржыландыру мәселелері)

12:20 – 12:40

Кофе-брейк

12:40 – 13:40

Панельдік сессия тақырыбы:
Әділетті энергетикалық көшу: ұлттық басымдықтар және халықаралық серіктестік
(Әділетті энергетикалық көшу саласындағы ұлттық саясат пен халықаралық тәжірибеге арналған сессия. АДБ қолдауы, ЖЭК дамыту, мемлекеттік компаниялардың рөлі және шекарааралық ынтымақтастық мәселелері қозғалады)

Панельдік сессия тақырыбы:
Қазақстан – энергетикалық көшу бойынша индустриялық хаб: локализация және құзыреттер
(Қазақстанда қытайлық өндірістерді локализациялау бойынша мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен жобалары)

13:50 – 14:50

Панельдік сессия тақырыбы:
Стратегия, саясат және реттеу
(Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың стратегиялық, құқықтық және институционалдық аспектілері, реттеу, «жасыл» дәліздер мен шекарааралық бастамалар қарастырылады)

Панельдік сессия тақырыбы:
Қазақстандағы ірі жобаларды қаржыландыру: стратегиялар мен қаржы институттары
(Жобалық және экспорттық қаржыландырудан бастап облигациялар, ESG бағалау және халықаралық банктермен серіктестікке дейінгі құралдар)

14:50 – 15:50

Түскі үзіліс

15:50 – 16:50

Панельдік сессия тақырыбы:
Декарбонизация жол картасы және энергетиканы орталықсыздандыру
(Қазақстан энергетикасын декарбонизациялау мен цифрландыру жол картасын әзірлеу мен жүзеге асыру, салалық кәсіпорындарды қолдау, ESG қаржыландыру және халықаралық технологиялық әріптестік мәселелері)

Панельдік сессия тақырыбы:
Отандық өндірісті қолдау: ынталандыру шаралары және табысты тәжірибелер
(Қазақстан өнеркәсібіне мемлекеттік қолдау құралдары, инвесторлар үшін мүмкіндіктер)

17:00 – 18:00

Панельдік сессия тақырыбы:
Келесі буын ЖЭК технологиялары
(Перовскит күн панельдері мен энергия жинақтау құрылғыларынан бастап, гидроаккумуляциялық генерациядағы жаңа шешімдерге дейін ЖЭК саласындағы технологиялық жетістіктер қарастырылады. Қытайдың жетекші компанияларының тәсілдері ұсынылады)

Панельдік сессия тақырыбы:
ЖЭК-ті энергия жүйесіне біріктіру: энергия сақтау технологиялары
(ЖЭК-ті энергия жүйесіне біріктіру үшін технологиялық шешімдер – энергия жинақтау, гидроаккумуляциялық станциялар, жоғары вольтты желілер және энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің цифрлық тәсілдері)

18:00 – 18:20

Кофе-брейк

18:20 – 19:20

Панельдік сессия тақырыбы:
Салалық құзыреттер орталығы: технология трансфері, кадрлар және ҒЗТКЖ
(Қазақстан инфрақұрылымын технологиялық жаңартудың негізгі құралы ретінде «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру. Энергетика кешені мен ТКШ дамуының стратегиялық бағыттары талқыланады)

Панельдік сессия тақырыбы:
ГАЭС-та инновациялық шешімдер: энергетика мен су инфрақұрылымын трансформациялау
(ЖЭК-ті біріктіру, су ресурстарын басқару және энергетикалық жүйелердің тұрақтылығын арттыруға арналған жаңа буындағы гидроаккумуляциялық станцияларды дамыту)

2-КҮН

Сейсенбі, 2025 жылғы 17 маусым, Hilton Astana қонақ үйі

10:00 – 11:00

Grand Ballroom залы

Панельдік сессия тақырыбы:
Электр желілерін дамыту: HVDC, өңірлік интеграция және жаңа мүмкіндіктер
(Сессия Орталық Азия мен Қытай арасындағы энергияны беру бойынша озық технологияларға (HVDC, VSC), трансшекаралық қосылымдарға, сондай-ақ желілік инфрақұрылымның реттелуі мен инвестициялық тартымдылығына арналады)

Astana Hall залы

Панельдік сессия тақырыбы:
Маневрлік генерациядағы инновациялар: жаңа жабдықтар және инженерлік шешімдер
(Сессия су-аккумуляторлық станциялар саласындағы жаңа технологиялық шешімдерге арналған: гибридтік үлгілер, инновациялық инженерлік тәсілдер және ЖЭК-тің жоғары үлесі кезінде энергия тұтынудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жабдықтар)

11:00 – 11:20

Кофе-брейк

11:20 – 12:20

Панельдік сессия тақырыбы:
Ұлттық жоба – Энергетиканы жаңғырту
( Сессия посвящена реализации (Сессия «Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуына арналады. Қатысушылар энергетика және ТКШ салаларын дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылайды)

Панельдік сессия тақырыбы:
Цифрландыру трансформациясы: икемділік, сенімділік және ЖИ мүмкіндіктері
(Сессия электр желісі кешенін цифрлық түрлендіруге арналған: цифрлық қосалқы станциялар, UHV, интеллектуалды басқару, ЖИ қолдану және ЖЭК саласындағы цифрлық жоспарлау технологиялары. China Southern Power Grid және PowerChina компанияларының үздік тәжірибелері ұсынылады)

12:30 – 13:30

Панельдік сессия тақырыбы:
Панельдік сессия тақырыбы: Су энергетикасының ғылыми және институционалдық базасы: Атлас, модельдеу және R&D
(Сессия Қазақстанда гидроэнергетиканы дамытуға арналған ғылыми және ұйымдастырушылық инфрақұрылымды құру мәселелеріне арналған – перспективалық СЭС және ССЭС Атласын жасаудан бастап, инженер мамандарды даярлау, цифрлық модельдеу және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты қамтиды)

Панельдік сессия тақырыбы:
ТЭК-тегі OT киберқауіпсіздігі: жаһандық қауіптер және шешімдер
(Сессия энергетика саласындағы OT инфрақұрылымын қазіргі заманғы киберқауіптерден қорғауға арналады. Жаһандық үрдістер, аудит қорытындылары, мемлекеттік бастамалар және салалық орталықтардың маңызды объектілердің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі қарастырылады)

13:30 – 14:30

Түскі үзіліс

14:30 – 15:30

Панельдік сессия тақырыбы:
Сутегі – индустрияландырудың жаңа мұнайы: технологиялар, жобалар және халықаралық ынтымақтастық
(Сессия сутегі энергетикасын жаңа өнеркәсіптік саясаттың негізі ретінде дамытуға арналған. ЖЭК негізінде сутегі өндіру технологиялары, ірі инфрақұрылымдық жобалар, ұлттық компаниялардың қатысуы және Қазақстан мен Қытай арасындағы экспортқа бағытталған әріптестікті қалыптастыру мәселелері қарастырылады)

Панельдік сессия тақырыбы:
Ақылды желілер және ЖИ: жаңа энергетиканың архитектурасы
(Электр желілерін цифрлық түрлендіру: қосалқы станциялардан бастап болжамды басқару мен жасанды интеллектке дейін)

15:40 – 16:40

Панельдік сессия тақырыбы:
Қазақстанның мұнай-газ химиясы: полиэтилен, бутадиен, ПЭТФ және карбамид жобалары, мемлекеттің рөлі және индустриялық мүмкіндіктер
(Сессия Қазақстандағы мұнай-газ химия саласын дамытуға арналған, оның ішінде полиэтилен, бутадиен жобалары, мемлекеттің рөлі және экспортқа бағытталған өндірісті қалыптастырудағы өнеркәсіптік компаниялардың үлесі қарастырылады)

16:40 – 17:00

Кофе-брейк

17:00 – 18:00

Қол қою және жабылу рәсімі (Hilton Astana қонақ үйі, Grand Ballroom залы)

Бас серіктестер